Halyq Uni логотип
×

Бас прокуратура Қаржылық мониторинг агенттігінің жұмысын тексеруді бастады

Тексеру жұмыстары 8 шілдеге дейін жалғасады

 Динара Амантай 01.06.2022 | 15:57
Бас прокуратура Қаржылық мониторинг агенттігінің жұмысын тексеруді бастады
Фото: Halyq Uni

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында «Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі» мемлекеттік мекемесінің жұмысын тексеру тіркелгендігі туралы ақпарат берілді.

Тексеруді тағайындаған орган ретінде Бас Прокуратура көрсетілген.

Атап айтқанда Бас прокуратура ресми түрде Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметін тексеруді 30 мамырда жүргізе бастайды. Тексеру субъектілері ішінде барлық қылмыстық істер, оның ішінде уақытша, толық тоқтатылған, сотқа жіберілген, сондай-ақ алдын алу шараларын санкциялау, мүлікке тыйым салу және т.б. бар.

Бір ай жүргізілетін тексеру жұмыстары 8 шілдеге дейін жалғасады деп жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама