×

Тоқаев пен Путин су тасқыны жайын талқылады

Президенттер екі ел Үкіметтеріне табиғи апатқа қарсы күресте өзара ықпалдастықты нығайтуды тапсырды

 Дастан Жұмабекұлы 09.04.2024 | 15:04
көрнекі фото: Қазан қаласы, "Болашақтың ойындары" турнирі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме кезінде тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты әрі көпжоспарлы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады.

Президенттер шекара маңындағы өңірлерде болып жатқан су тасқыны жағдайын талқылап, екі ел Үкіметтеріне табиғи апатқа қарсы күресте өзара ықпалдастықты нығайтуды тапсырды.

Тараптар екі елдің қарым-қатынастары дәстүрлі түрде әрі стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама