×

Алтын Орда туралы тың деректерді Ватиканнан алатын болдық

Шығыстану институты латын, ерте неміс және скандинав тілдеріндегі бұрын жарияланбаған дереккөздерді іздестіруге ниетті

 Халық үні 01.06.2022 | 15:54
фото: alisa2002marina.blogspot.com

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстан Алтын Орда тарихына қатысты тың деректерді Ватикан мұрағаттарынан алатын болып келіскенін хабарлады.

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ватикан мемлекетіне ресми сапарының екінші күні Қасиетті тақтың мемлекеттермен қатынастар жөніндегі хатшысы (Сыртқы істер министрі), архиепископ Пол Ричард Галлахермен кездесті.

Кездесу барысында қос тарап бірқатар екіжақты құжатқа қол қойды.

«Білім және ғылым министрлігі жанындағы Рамазан Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Ватикан Апостол мұрағаты және Ватикан Апостол кітапханасы арасында ғылыми және мәдени салаларда өзара іс-қимылды орнату мақсатында ниеттер туралы хатқа қол қойылды. Шығыстану институты Ватикан мұрағаттарынан Түркі әлемі мен Еуропаның өзара қарым-қатынасы туралы латын, ерте неміс және скандинав тілдеріндегі бұрын жарияланбаған дереккөздерді іздестіруге, сондай-ақ Алтын Орданың шынайы тарихын қалпына келтіру үшін мұрағат материалдарын зерделеуге ниетті», - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама