Астанада қызды тонамақ болған күдікті ұсталды (ВИДЕО)
Ол қылмысын мойындады
Елордада полиция көпқабатты үйдің кіреберісінде 20 жастағы қызды тонамақ болған ер адамды ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.
Жәбірленуші түнде үйіне кетіп бара жатқан. Ол үйіне жақындағанда орындықта отырған ер адамды байқаған. Қыз есікті ашып, подъезге кіргенде ер адам оған шабуыл жасап, сөмкесін жұлып алмақ болған. Алайда жәбірленуші қашып үлгерген.
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Есіл ауданы ПБ-ның криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол бұрын адам тонағаны үшін сотталған 29 жастағы астаналық болып шықты.
Күдіктіні тінту барысында одан ас үй пышағы тәркіленді. Осы дерек негізінде қылмыстық іс қозғалды.
Ер адам жасаған қылмысын мойындады. Ол Астана қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.