×

Алматыда ҚазҰПУ ғимаратының бір бөлігі мемлекетке қайтарылды

Прокуратура сотқа арызбен жүгінген

 Динара Амантай 09.04.2024 | 11:21
Фото: kaznpu.kz

Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің мүлкін заңсыз иеліктен шығару фактісін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 1997 жылы Жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитет оқу корпусы ғимаратының бiр бөлiгiн 196 мың теңгеге заңсыз сатқан. Сол жылы 62 мың теңгеге 26 сотық жер телімі де заңсыз сатылған.

Университет ғимараты республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштеріне жатады. Ал жер учаскесінде қаланың ең ескі сәулет құрылыстарының бірі – «Ескі қақпа» орналасқан.

Кейін оқу корпусының ғимаратында «Ескі қақпа» атты мейрамхана ойын-сауық мекемесі салынған.

Медеу ауданының прокуратурасы сотқа жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерінің күшін жою туралы шағым түсірді. Сот шешімімен қадағалау органының талап арызы қанағаттандырылып, мүлік қайтарылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама