Жаздың алғашқы күндері де ауа температурасы айтарлықтай төмендейді
Солтүстік аймақтарда түнде және таңертең -2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін
Синоптиктер 2-4 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.
«Қазгидромет» дерегінше, 4 маусымға қарай солтүстік антициклон республика аумағы арқылы жылжи бастайды. Осылайша, Қазақстанда ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.
Сондай-ақ солтүстік аймақтарда түнде және таңертең -2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.
Нұр-Сұлтанда 2 маусымда күндіз +21, түнде +9 градус жылы. Жұмада күн бұлтты +20 градус, түнде 13 градус нөлден жоғары.
4 маусымда елордада жауын жауады, күндіз +20, түнде +11 градус жылы болады.
Алматыда бейсенбіде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз +24, түнде +16 градус. 3 маусымда да азын-аулақ жауын, күндіз +22, түнде +15 градус жылы. Сенбіде ауа температурасы +23, +15 шамасында.
Шымкентте 2 маусымда күндіз +31, түнде +18 градус жылы болады.