×

Криштиану Роналду қарсыласы мен төрешіге қол көтерді (ВИДЕО)

Бас төреші оған бірден қызыл қағаз көрсетті

 Еркеғали Болатұлы 09.04.2024 | 11:02
фото: diariopanorama.com

Португалиялық даңқты футболшы Криштиану Роналду матч кезінде жанжал шығарып, алаңнан қуылды.

Бүгін Сауд Арабия Суперкубогының жартылай финалдық кезеңінде «Әл-Наср» мен «Әл-Хиляль» футбол клубтары кездесті. Нәтижесінде Роналду өнер көрсететін «Әл-Наср» 2:1 есебімен жеңіліп, жарыс жолын аяқтады.

Ойынның 86-минутында Роналду қарсыласымен алаңнын сыртына шығып кеткен допқа таласып, оны шынтағымен ұрып жіберді. Ойынның бас төрешісі Әл-Хоаиш португалиялықтың осы әрекеті үшін бірден қызыл қағаз көрсетті. Ал Криштиану ашуға булығып, оған да жұдырық ала жүгірді.

Айта кетсек, 11 сәуірде Сауд Арабия Суперкубогының финалында «Әл-Иттихад» пен «Әл-Хиляль» футбол клубтары күш сынасады. Бұл ойын Абу-Дабидегі «Мұхаммед бин Зайед» алаңында өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама