Солтүстікте көктайғақ болады
«Қазгидромет» РМК 9 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауады, республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады, - деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ-да өткен брифингте.
Күндіз оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда жауын-шашын болады, кейде қара нөсер тіркеледі, қар аралас жаңбыр жауады.
Шығыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс облыстарда нөсер жаңбыр жауып, найғазай ойнайды. Тек батыста, оңтүстік-шығыста жауын-шашын болмайды. Сондай-ақ Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Солтүстікте көктайғақ болады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыста дауыл соғып, бұршақ жауады, - деді «Қазгидромет» РМК өкілі.