Halyq Uni логотип
×

Нөсер, бұршақ: бүгінгі ауа райы су тасқынын күшейтуі мүмкін

Солтүстікте көктайғақ болады

 Дәурен Ерболат 09.04.2024 | 11:13
Нөсер, бұршақ: бүгінгі ауа райы су тасқынын күшейтуі мүмкін
Фото: elements.envato.com

«Қазгидромет» РМК 9 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауады, республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады, - деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ-да өткен брифингте.

Күндіз оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда жауын-шашын болады, кейде қара нөсер тіркеледі, қар аралас жаңбыр жауады.

Шығыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс облыстарда нөсер жаңбыр жауып, найғазай ойнайды. Тек батыста, оңтүстік-шығыста жауын-шашын болмайды. Сондай-ақ Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Солтүстікте көктайғақ болады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыста дауыл соғып, бұршақ жауады, - деді «Қазгидромет» РМК өкілі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама