×

Павлодар облысында жер ала алмай жүрген инвесторларға көмек көрсетілді

Олардың мәселесін жергілікті билік шеше алмаған

 Дәурен Ерболат 09.04.2024 | 10:10
Фото: inbusiness.kz

Павлодар облысында прокурорлар инвесторларға көмектесті, деп хабарлады облыстық прокуратура.

Биыл ақпанда облыс прокуроры «Павлодар» АЭА қатысушыларымен дөңгелек үстел өткізді. Онда кәсіпкерлерге жергілікті атқарушы органның ұзақ уақыт бойы жер учаскелерін бермеуі туралы мәселе көтерілді.

Прокурорлар жер беру мәселелерін келісу бойынша GEOPAVLODAR ақпарат жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуінің себебін анықтады.

Сондай-ақ коммуналдық қызмет басшыларының оны қолдануға хақысы болмаған. Жердің бөлу схемасын келісуге жіберілетін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тізбесі бекітілмеген.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Павлодар облысының әкімдігі тиісті құжаттарды бекітті, ақпараттық жүйе заң талабымен сәйкестендірілді, 3 инвесторға арнайы экономикалық аймақтан жер учаскелері бөлінді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама