Оны сөндіру оңайға соқпады
Астанада резеңке бұйымдар сақталған қойма өртенді, деп хабарлады ТЖМ.
Оқыс оқиға Сарыарқа ауданында болған. Өрттің ауданы – шамамен 1 мың шаршы метр. Резеңке бұйымдардың жанып, жоғары температураның болуы өртті сөндіруді қиындатты.
Жалынды ауыздықтауға Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 61 маманы мен шамамен 15 техника жұмылдырылған.
Өрт таңғы сағат 08:46-да сөндірілді.