×

9 сәуірге ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, елдің солтүстігінде көктайғақ, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында дауыл, бұршақ күтіледі

 Халық үні 09.04.2024 | 07:28
Фото: stan.kz

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 9 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен тұрақсыз ауа-райы сақталады, жаңбыр жауады, республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде жауын-шашын (қарға ауысатын жаңбыр), күндіз жаңбыр жауады, облыстың оңтүстік-шығыс таулы аудандарында жауын-шашын болжануда, кей уақыттарда қатты жауын-шашын  (қар, жаңбыр), облыстың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып найзағай күтіледі. Тек еліміздің батысында, оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.

Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, елдің солтүстігінде көктайғақ, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында дауыл, бұршақ күтіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама