×

Семейде бір үйдің 2 баласы жоғалып кетті

Берілген нұсқаулыққа сәйкес, жоғалғандар - 2005 жылы туылған Алтынай Әбішева және 2008 жылғы Абзал Әбішев.

 Халық үні 08.04.2024 | 22:50
Фото: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Абай облысында 7 сәуірде бір үйдің 2 баласы жоғалып кетті, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Берілген нұсқаулыққа сәйкес, жоғалғандар - 2005 жылы туылған Алтынай Әбішева және 2008 жылғы Абзал Әбішев.

Өңірлік ведомсвто мәліметінше, олар 7 сәуірде сағат 15:00 шамасында Семей қаласындағы Восточный левый елдімекеніндегі үйінен шығып, сол күйі хабарсыз кеткен.

Алтынайдың белгілері: бойы - 160-165 см, дене бітімі - арық, шашы - қара. Үстінде етегі тізеге дейін жететін жасыл болон курткасы, қара түсті футболкасы, қара түсті кроссовкасы бар.

Абзалдың белгілері: бойы - 175-180 см, дене бітімі - арық, шашы -  ашық түсті, оң көзінің астында тыртығы бар. Үстінде - қара түсті жеңсіз күртеше, көк түсті футболка, қара түсті джинсы, қара түсті кроссовка.

«Егер суреттегі жасөспірімдердің орналасқан жерін білген болсаңыздар, 102 телефон нөміріне хабарласуды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама