×

Алты облыстағы 13 жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

Көліктің барлық түріне келесі жолдарда шектеу қойылды:

 Халық үні 08.04.2024 | 19:36
Фото: Halyq Uni

2024 жылғы 8 сәуірдегі сағат 18:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 6 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, маңғыстау, СҚО) 13 автомобиль жолында (ұзындығы 673 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Бұл туралы «Қазавтожол» ҰК» АҚ хабарлады.

Көліктің барлық түріне келесі жолдарда шектеу қойылды:

Ақмола облысы:

- «Жезқазған - Петропавл» тас жолының 553-595 шақырымы, Сұрған ауылы - СҚО шекарасы учаскесі. Бұл учаскеде көлік кептелісі жоқ.

Ақтөбе облысы:

- «Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз» тас жолының 3-92 шақырымы, Қандыағаш қ. - Ембі қ. учаскесі. Бұл учаскеде көлік кептелісі жоқ.

Атырау облысы:

- «Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сайөтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау» тас жолының 4-119 шақырымы, Доссор а. - Құлсары қ. учаскесі. Бұл учаскеде көлік кептелісі жоқ.

- «Мұқыр - Құлсары» тас жолының 0-136 шақырымы, Доссор а. - Құлсары қ. учаскесі. Бұл учаскеде көлік кептелісі жоқ.

Қостанай облысы:

- «Мариновка ауылына кіреберіс» тас жолының 0-9 шақырымы. Бұл учаскеде көлік кептелісі жоқ.

- «Денисовка Тавриченка - Аршалы - Комаровка» тас жолының 42-96 шақырымы, Приреченка - Комаровка ауылдарының учаскесі. Бұл учаскеде көлік кептелісі жоқ.

- «Қостанай - Жақсы - Қарабұтақ - Қостанай» тас жолының 4-5 шақырымы, Гашека көшесі - «Көктем» бақша бірлестігі учаскесі. Бұл учаскеде көлік кептелісі жоқ.

Маңғыстау облысы:

- «Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сайөтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау» тас жолының 210-220 шақырымы, Атырау облысының шекарасы - Боранқұл а. учаскесі. Бұл учаскеде көлік кептелісі жоқ.

Солтүстік Қазақстан облысы:

- «Рощинское - Корнеевка - Волошинка» тас жолының 0-47 шақырымы, Рощинское - Корнеевка ауылдарының учаскесі. Бұл учаскеде көлік кептелісі жоқ.

- «Жезқазған - Петропавл» тас жолының 701-706 шақырымы, Новоишимское ауылының учаскесі. Бұл учаскеде көлік кептелісі жоқ.

- «Булаево - Возвышенка - Мологвардейское - Кирово-Қиялы - Рощинское» тас жолының 201-228 шақырымы, Шағалы - Рощинское ауылдарының учаскесі. Бұл учаскеде көлік кептелісі жоқ.

- «Волошинка - Сергеевка - Тимирязево» тас жолының 0-32 шақырымы, Волошинка - Кривощеково ауылдарының учаскесі. Бұл учаскеде көлік кептелісі жоқ.

- «Жезқазған - Петропавл» тас жолының 595-701 шақырымы, Ақмола облысының шекарасы - Новоишимское ауылының учаскесі. Бұл учаскеде көлік кептелісі жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама