Атырау облысындағы Жем өзенінде су деңгейі төмендей бастады
Вице-премьер гуманитарлық көмек беру кезінде ашықтықты қамтамасыз етуді тапсырды
Вице-премьер, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб меңгерушісінің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау облысында жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бүгін ол тікұшақпен өңір басшысымен бірге жағдайды тексеру үшін Құлсары қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі аумақтың үстімен ұшып өтті. Су бекеттеріндегі мәлімет бойынша, Жем өзенінде су деңгейі төмендеген. Жылыой ауданы мен Құлсары қаласын су басқан.
Вице-премьер қорғаныс құрылыстары мен үйінді бөгеттерді аралап, тексерді.
Сонымен қатар Құлсары қаласының тұрғындарымен кездесті. Ол су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары, қалпына келтіру жұмыстарының басталуы туралы айтты. Сондай-ақ апат салдарынан келтірілген залалды өтеу үшін өтемақы төлемдерінің алгоритімін түсіндірді.
Мыңдаған отандасымыз Құлсары тұрғындарының қайғысына үн қосты. Гуманитарлық көмек тарату бекетінде ондаған тонна азық-түлік, киім-кешек, жалпы тұтыну тауарлары жиналды.
Қанат Бозымбаев гуманитарлық көмек беру кезінде ашықтықты қамтамасыз етіп, қоғамдық бақылауды күшейтуді тапсырды.