×

Бурабайда мемлекеттік кәсіпорын 200-ден аса қызметкерге жалақы төлемеген

Жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды

 Динара Амантай 08.04.2024 | 16:39
Фото: gov.kz

Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлеріне жалақы төленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бурабай ауданының прокуратурасы азаматтардың өтініштерін қарау барысында «Бурабай Су Арнасы» ШЖҚ МКК қызметкерлеріне жалақы төлемеу фактісін анықтады.

Кәсіпорынның 2024 жылдың қаңтарында уәкілетті органның еңбекақы қоры туралы жинағын бекітпеуіне байланысты, 205 қызметкерге 26 млн 784 мың 770 теңге көлемінде жалақы берешегі бар екендігі анықталды.

Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы басқармасы «Бурабай Су Арнасы» ШЖҚ МКК қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры туралы жинағын бекітті. Биыл жалақы 10%-ға өсті және толық көлемде төленді. Жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама