бұл көрсеткішке қол жеткізуге тауарларды жөнелтуші елден келіп түскен мәліметтерді автоматты түрде салыстыру ықпалын тигізді
Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанда соңғы 3 жылда кедендік тексеру саны 3 есе азайғанын мәлімдеді.
Ведомство дерегінше, бұл сыртқы экономикалық қызметке адал қатысушыларға жүктемені азайтуға және тәуекелі жоғары компанияларды кедендік бақылауға тартуға мүмкіндік береді.
«Жүргізілген жұмыс шеңберінде соңғы 3 жылда тәуекелдерді басқару жүйесімен тағайындалатын кедендік тексеру саны 3 есеге төмендеді.
Нәтижесінде заңбұзушылықтарды анықтаудың тиімділігі 1,5 есеге артты.
Сондай-ақ бұл көрсеткішке қол жеткізуге тауарларды жөнелтуші елден келіп түскен мәліметтерді автоматты түрде салыстыру ықпалын тигізді», - деп жазылған комитет таратқан хабарламада.
Айта кетейік, бүгінде Мемлекеттік кірістер комитеті тауарларды жөнелтуші елдің экспорттық кедендік декларацияларынан онлайн режимде ақпарат алмасу туралы 8 халықаралық шарт жасасқан.