Кәсіпкерлер бизнес ашу үшін колонияға барды
Жаңа жұмыс орындары ашылса, сотталғандар ақылы түрде жұмыс істейді
Кәсіпкерлер сотталғандарға жұмыс орнын ашу үшін елорда колониясына барды, деп хабарлады Polisia.kz.
«Еңбек-Аршалы» РМК филиалындағы объектілерде жұмыс орындарын ашу бойынша пилоттық жоба аясында Аршалы ауданының прокуроры Ж. Бақтияров, прокурордың орынбасары А. Сүлейменова, «Еңбек-Аршалы» филиалының директоры А. Бақтыбаев Астана қаласының ҚАЖД-ға қарасты №2 мекеме әкімшілігімен бірлесіп, мекемеде кәсіпкерлермен кездесті. Оларға мекеменің өндірістік орындары таныстырылды.
Сондай-ақ «Еңбек-Аршалы» РМК филиалының өндірістік аймағындағы бос үй-жайларды болашақта шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне бизнес ашу үшін жалға беру мәселесі қарастырылды.
Бүгінде мекеменің мақсаты – «Еңбек-Аршалы» филиалындағы өндірістік қуатты арттырып, сотталғандарды ақылы еңбекпен қамтамасыз ету үшін бизнес өкілдерін шақыру, – деді Аршалы ауданының прокуроры Ж. Бақтияров.