×

Ақтөбеде 9 жастағы бала резервуарға құлап кетті

Ол балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылды

 Халық үні 01.06.2022 | 14:46
фото:elements.envato.com

Ақтөбеде 9 жастағы бала тереңдігі 10 метр болатын астық сақтайтын резервуарға құлап кетті. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, 30 мамырда кешкі сағат 23:31-де 102 нөміріне хабарлама келіп түскен. Онда кешкі сағат 17:00-де Жанқожа батыр көшесіндегі үйлердің ауласынан 9 жастағы бала жоғалып кеткені айтылған.

«Полицейлер іздестіру шараларын жүргізген. Бірақ баланы таба алмаған. Кейін кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторлары іздестіру жұмыстары кезінде элеватор маңын тексерген. Нәтижесінде баланы тереңдігі 10 метр болатын резервуардан тапқан. Оның жағдайы өте нашар болған», - деп жазылған хабарламада.

Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар баланы резервуардан көтеріп шығарды. Ол балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама