×

Алматыда 15 сәуірден бастап жылуды кезең кезеңімен өшіру басталады

2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына дайындық үшін 35 млрд теңге бөлінді

 Динара Амантай 08.04.2024 | 11:43
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Алматыда 15 сәуірден бастап жылуды кезең кезеңімен өшіру басталады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қала әкімдігінде өткен кеңесте сыртқы ауаның белгіленген температурасынан +8 жоғары болуына байланысты қабылданған.

Жылудан ажырату әкімшілік ғимараттардан, оқу орындарынан және мәдениет объектілерінен басталады. Жұмыс жиналысында инфрақұрылымның тозуын азайту жөніндегі инвестициялық бағдарламаның маңыздылығы атап өтілді.

Жыл басында 25 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келе жатқан тозған желілердің ұзындығы желілердің барлық ұзындығынан 802,6 шақырым немесе 57,9% болды. 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына дайындық үшін 35 млрд теңге бөлінді, ал 2025 жылы қосымша 32 млрд теңге бөлу жоспарланған.

Қала әкімі Ерболат Досаев инфрақұрылымды жөндеу жұмыстарын күшейтуге және жолдарды жөндеуге байланысты коммуналдық қызметтердің қызметін үйлестіруге шақырды. Алматыда 214 мектеп, 190 балабақша, 128 аурухана және 8 мың 836 көппәтерлі тұрғын үй орталық жылытуға қосылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама