Биыл республика бойынша 9 мың грант беру жоспарланып отыр
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік грант алуға өтінімдерді қабылдау мерзімінің кейінге қалдырылатынын мәлімедеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Еліміздегі су тасқынына орай туындаған күрделі ахуалға байланысты үміткерлерден жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдерді қабылдаудың бірінші легінің мерзімдері кейінге шегерілді. Өтінімдерді қабылдаудың басталуы туралы қосымша хабарланады, – делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, 2024 жылы республика бойынша 9 мың грант беру жоспарланып отыр.