Су басқан жол учаскелеріне 305 техника мен 357 адам жұмылдырылған
Еліміздің 7 өңірінде жолдардағы көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
2024 жылғы 8 сәуірдегі сағат 7:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) 7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3 мың 206 метр болатын су тасқыны болды. 7 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 14 автокөлік жолында (ұзындығы 679 шақырым) қозғалысқа шектеу қойылды, – делінген «Қазавтожол» ҰК» АҚ хабарламасында.
Қазір республикалық жолдарға 305 техника мен 357 адам жұмылдырылған.