Halyq Uni логотип
×

Еңбек министрлігі су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеумен айналыспайды

Мұны алаяқтар жеке деректерді алу үшін істеуі мүмкін

 Дәурен Ерболат 08.04.2024 | 09:17
Еңбек министрлігі су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеумен айналыспайды
Фото: Halyq Uni

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлейтіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Министрлік әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлемдерін іске асыратыны туралы жалған ақпарат тарап жатқанын ескертеді. Белгісіз адамдар төлемдерді алу үшін «толығырақ» батырмасын басуды немесе сілтемеге өтуді сұрайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға жергілікті атқарушы органдар біржолғы төлем түрінде көмек көрсетеді. Олардың мөлшері әр өңірде келтірілген материалдық залалды есептеу үшін құрылған арнайы комиссиялардың шешімі бойынша жеке-жеке белгіленеді. Осылайша, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтардың азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз, – делінген хабарламада.

Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы таратылады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады. Жалған ақпарат таратушылар заңмен жазаланады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама