×

ТЖ кезінде полицейлерге бағынбаған қостанайлықтар жазаға тартылды (ВИДЕО)

Тұрғындар агрессияға жол беріп, балағат сөздер айтқан

 Халық үні 08.04.2024 | 08:33
фото: Halyq Uni

Қостанайда төтенше жағдай кезінде полицейлердің заңды талаптарына бағынбағаны үшін төрт тұрғын жазаланды.

Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы ақпараттық арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, сот оларға 30 АЕК (110 760 теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындаған.

Қостанай облысы полиция департаментінің өкілдері істің мән-жайын айтып берді. Полицейлер 6 сәуірден бастап облыс орталығында жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі енгізілгенін еске салып өтті.

7 сәуірде түн ортасында су басқан Красный кузнец көшесіне бір топ адам келді. Полицейлерге қыздардың бірі қалған заттарын алу үшін үйге барғысы келетінін айтты. Күндіз эвакуациялау шаралары жүргізілмеді. Себебі көршілер де үйінен кетпейтінін көрген. Кешке қарай осы аумақты тұратын адамдар қауіпсіз жерге көшірілді.

Ауданда полицейлер эвакуацияланған тұрғындардың мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін патрульдеу жұмыстарын жүргізді. Қызметкерлер олардың барлығы эвакуацияланғанын түсіндіруге тырысқанда, олардың төртеуі агрессияға жол беріп, балағат сөздер айта бастаған», - делінген полиция хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама