Halyq Uni логотип
×

Жаңбыр, тұман, жел: 7 сәуірге ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында-дауыл, найзағай күтіледі.

 Халық үні 07.04.2024 | 08:37
Жаңбыр, тұман, жел: 7 сәуірге ауа райы болжамы жарияланды
фото: nur.kz

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 7 сәуірде болатын  қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, республиканың оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады. Антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы тек солтүстік аймақтар ғана болады.

Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында-дауыл, найзағай күтіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама