Қазақстандықтар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге ақшалай көмекті «Қазақстан халқына» қорына аудара алады

Айнұр Шошаева
Фото: rus.azattyq-ruhy.kz

1-30 сәуір аралығында  «Қазақстан халқына» қорынана түскен заңды және жеке тұлғалардың барлық ерікті қайырымдылықтары су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде тұрғын үй салуға жіберілетін болады, деп хабарлайды Halyq Uni.  

Қордың мәліметінше, елдегі жағдайға бей-жай қарамайтын қазақстандықтар мен ұйымдар су тасқынынан зардап шеккендерге қайырымдылық көмек көрсетуге қатысу туралы жүгінген. 5 сәуірге 865 млн теңге түсті.

Азаматтар мен кәсіпорындардың бастамасын назарға ала отырып, Қор ұйымның шоттарына түскен қаражатты жинауға және оның ашықтығы мен мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге дайын екенін хабарлайды. 1-30 сәуір аралығында заңды және жеке тұлғалардың барлық ерікті қайырымдылықтары шешімдер негізінде және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен зардап шеккендер үшін ауылдық жерлерде тұрғын үй салуға жіберілетін болады. Қор донорлар мен аударылған сомалардың мөлшерін көрсете отырып, егжей-тегжейлі есепті жариялайтын болады, – делінген ақпаратта. 

Айта кетейік, қайырымдылық Қордың ресми веб-сайтында  https://qazaqstanhalqyna.kz/ru/donors.html  көрсетілген, қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі 8 қазақстандық банктегі шоттарына қаражат аудару арқылы қабылданады. Сондай ақ жеке тұлғаларға ыңғайлы болу үшін аударымдар банктердің мобильді қосымшаларында «қайырымдылық» бөлімінде қолжетімді екенін еске салды. 

Бұған дейін «Қазақстан халқына» қоры су басқан ауылдарға үй салуға 5 млрд теңге бөлетінін хабарлаған болатын. Бұл сомаға қор су тасқынынан зардап шеккен ауылдық елді мекендерде 200 үй салуға болады деп есептейді.