×

«Тегін Wi-Fi қосылғанда абайлаңыз»: Қазақстандықтарға алаяқтардан сақ болу туралы ескертілді

 Айнұр Шошаева 06.04.2024 | 15:22
Фото: fingramota.kz

Fingramota.kz жобасы қазақстандықтарға жария сымсыз желінің тәуекелдері туралы ескертті, деп хабарлайды Halyq Uni.  

Бүгінде көптеген мекемелер, қонақ үйлер қоғамдық Wi-Fi қызметін ұсынады, мұндай қызметті көптеген әуежайларда, цифрландыру тұрғысынан дамыған қалалардың орталық көшелері мен алаңдарында пайдалануға болады. Бұл қала тұрғындары мен туристерге өте ығайды, оларға өз желісін пайдаланбай интернетке қосылуға мүмкіндік беріледі. Жоба аясында барлық пайдаланушыларға берілетін жиі ұсыныстардың бірі – тегін Wi-Fi желілерін пайдаланудан сақ болыңыз. Себебі ол арқылы киберқылмыскерлер құрылғыға кіріп, маңызды қосымшаларды бұза алады, – делінген ақпартта.

Алаяқтар ашық және қол жетімді желілер арқылы интернетті пайдаланушылардың кез-келген деректерін, соның ішінде сайт ол  арқылы кіру фактілерін есте сақтайтын cookie файлдарын өздеріне сақтап үлгереді.

«Мәселен, сіз онлайн-банкингтегі жеке кабинетіңізге кірдіңіз делік, демек  cookie-де сізді пайдаланушы ретінде сәйкестендіру үшін логин мен құпиясөз сақталып қалады. Сайттар жеке басы куәлігінің деректері, ұялы нөмір, төлем картасының деректемелері сияқты жеке деректерді де сақтай алады.  Осылардың барлығы қаскүнемдердің қолына түсуі мүмкін», – деп қосты жоба ұйымдастырушылары.

Сонымен қатар жалпыға қолжетімді Wi-Fi арқылы алаяқтар пайдаланушының гаджетіне кез келген зиянды бағдарламаны жүктей алады, ол тегін желіден ажыратылғаннан кейін де жұмыс істейді.

Өз құрылғыңызды қазір тексеріңіз. Соңғы уақытта сіз оның баяу жұмыс істей бастағанын байқадыңыз ба, ол өздігінен қосылып, өздігінен өшіп қалады, қызып кетеді, терезелер мен жарнамалық хабарлар жиі шығады немесе интернет-трафик әдеттегіден тезірек жұмсалады. Бұл хакерлер «енгізген» вирустың белгілері болуы мүмкін. Қылмыскерлерді әдетте, банктік қосымшаларға, электрондық поштаға, әлеуметтік желілердегі аккаунттарға логиндер мен құпиясөздер, банк карточкасы туралы толық ақпарат, оның жарамдылық мерзімі және әсіресе сыртқы жағындағы құпия код (CVV/CVC) қызықтырады. Сондықтан олар бейқам пайдаланушыларды алдап соғу үшін жалған Wi-Fi-ға қолжетімділік нүктесін орнатады. Оның жалған екеніне көз жеткізу оңай емес, өйткені мұндай желілер қарапайым қосылуларға ұқсайды. Алаяқтар басқа бір белгілі желінің атауын оңай қолдана алады және қызықтыру үшін соңында «FREE» сөзін қосады. Әдетте, жалған желіні қолданар алдында пайдаланушы өз деректерін желінің иесіне беруге келіседі, яғни ол өз әрекеттері үшін толық жауап беретіндігімен автоматты түрде келіседі, – делінген жобаның сайтында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама