5 облыста жолдарды су басты
6 өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды
Жолдарды су басу жағдайына байланысты 6 өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
2024 жылы 6 сәуір сағат 8:10-дағы жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 5 облыста (Ақмола, Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) 7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 5 мың 411 метр болатын су тасқыны болды. 6 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 12 автомобиль жолдарында (ұзындығы 797 шақырым) қозғалысқа шектеу қойылды, – делінген хабарламада.
Қазір республикалық жолдарда 248 техника мен 285 адам жұмылдырылған.