Әкімдікті, әлеуметтік нысандар мен орталық стадионды су басты
Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысындағы су басу қаупіне байланысты соңғы ақпаратпен бөлісті.
22.45-тегі жағдай бойынша Құлсарыда алдын ала ақпаратқа сәйкес 2500-ге жуық ғимаратты су басты, - делінген хабарламада.
ЖАО, ТЖД, ПД, ҚМ, Ұлттық ұлан күштері халықты эвакуациялауды жалғастырып жатыр.
Осы сағатта 4 мыңнан астам адам, оның ішінде 1 мыңнан астам бала эвакуацияланды.