×

Су тасқыны: Атырау облысында 4 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді

Әкімдікті, әлеуметтік нысандар мен орталық стадионды су басты

 Халық үні 05.04.2024 | 23:54
фото: Атырау облыстық ТЖД

Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысындағы су басу қаупіне байланысты соңғы ақпаратпен бөлісті. 

22.45-тегі жағдай бойынша Құлсарыда алдын ала ақпаратқа сәйкес 2500-ге жуық ғимаратты су басты, - делінген хабарламада.

ЖАО, ТЖД, ПД, ҚМ, Ұлттық ұлан күштері халықты эвакуациялауды жалғастырып жатыр.

Осы сағатта 4 мыңнан астам адам, оның ішінде 1 мыңнан астам бала эвакуацияланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама