×

Прокурор Айжан Аймағанова мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Мен мүмкіндігінше ашық және пайдалы болуға тырысамын, дейді ол

 Халық үні 05.04.2024 | 21:42
фото: видеодан скриншот

Бишімбаев ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова әлеуметтік желілерде фейк аккаунттары ашыла бастаған соң, Instagram-да өзінің парақшасын ашты, деп хабарлады Halyq Uni

Қайырлы күн! Мен, Айжан Аймағанова, Астана қаласы прокурорының аға көмекшісімін. Қазіргі уақытта қоғамдық резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша айыптауды қолдаймын. Әлеуметтік желілерде менің атымнан фейк аккаунттар ашылып жатқанына байланысты, мен жеке аккаунтымды жалпыға қолжетімді етуді шештім. Instagram-дағы жеке аккаунтым zhakiti деп аталады. Мен пост жазбадым, бірақ мүмкіндігінше ашық және пайдалы болуға тырысамын, - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Бас прокуратура Айжан Аймағанованың атынан Instagram-да жалған парақша ашылғанын хабарлаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама