Halyq Uni логотип
×

Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды

Ол Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесі болды

 Динара Амантай 01.06.2022 | 13:47
Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық Экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі ЕЭК сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы «Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесін тағайындау туралы» Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 3 шешімі шығарылды.

Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы Бекетаев Руслан Бақытжанұлын тағайындау кезінде айқындалған өкілеттіктерінің қалған мерзіміне Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесі болып тағайындалсын, – делінген құжатта.

Еске салсақ, осы жылғы 31 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылған еді.

Бақытжан Сағынтаев 1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген.

Еңбек өтілі:

Алматы халық шаруашылығы институтының саяси экономия кафедрасының оқытушысы (1985-1988);

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әлеуметтану кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, доценті. Киров (1988-1992);

Maруе туристік-коммерциялық компаниясының президенті (1992-1993);

«Қазмет» АҚ бас директоры (1993-1997);

«ЛУКойлнефтегазстрой-К» ЖАҚ бас маманы, бас директорының орынбасары (1997-1998);

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары (02.1998-02.1999);

Қазақстан Республикасы Шағын кәсіпкерлікті қолдау агенттігі төрағасының орынбасары (06.1999-10.1999);

«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ басқарма төрағасы (12.1999-01.2001);

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын кәсіпкерлікті қолдау агенттігі төрағасының орынбасары (01.2001-08.2002);

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары (09.2002-29.09.2004);

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы (29.09.2004-11.12.2007);

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы (11.12.2007-30.09.2008);

Павлодар облысының әкімі (30.09.2008-20.01.2012);

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі (20.01.2012-09.2012);

«Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары (09.2012-01.2013);

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі (16.01.2013-11.2013);

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары (06.11.2013; қайта тағайындалды - 04.04.2014; қайта тағайындалды - 30.04.2015 - 09.09.2016);

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (09.09.2016-21.02.2019);

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы (01.03.2019-24.03.2019);

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы (24.03.2019-06.2019);

Алматы қаласының әкімі (28.06.2019-31.01.2022);

Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесі (2022 жылғы 23 мамырдан бастап)

Серіктес жаңалықтары

Сараптама