×

Қарағанды облысында көз жұмған бүлдіршіндердің анасына қатысты тың дерек пайда болды

Әйел 2013-2019 жылдары психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған

 Халық үні 05.04.2024 | 19:53
фото: Halyq Uni

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Гагарина ауылында екі бүлдіршін кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Балалардың анасы былтыр қыркүйекте Гагарин ауылына көшіп келген. Ондағы ойы сол ауылдан баспана сатып алу.

«Ауылдағы бір үй бос тұрған. Иесі ер адам еді, ол қайтыс болған, ал әйелі Ресейге кетіп қалған. Әйел риэлторлар арқылы сол үйді бөліп төлеу арқылы сатып алмақ болған», - дейді Гагарин ауылының әкімі Асқар Әміре.

Әкімнің айтуынша, әйел тазалықты, үй-жайды күтіп ұстайды. Ішімдікке әуес емес.

«Бірақ 2013-2019 жылдары психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған. Негізі әйелдің 3 баласы бар, ең кішісі бір жасқа толмаған. Үш баланың әкесі үш түрлі адам. Ал қазір тұрып жатқан азаматтық некедегі күйеуі бұл балалардың әкесі емес. Бүлдіршіндердің өлгенін полицияға сол кісі хабарласып айтқан», - дейді ауыл әкімі.

Бір жастағы бүлдіршінді түнде мамандар келіп, балалар үйіне алып кеткен.

«Бұқар Жырау ауданына қарасты ауылдардың бірінде зорлық-зомбылық белгілері бар 2 және 4 жастағы балалардың мәйіті табылды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен балалардың анасы ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», - дейді ведомстводағылар.

Қылмыстық іс Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының бақылауында. Басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама