×

«Grand Prix – 2024»: пара дзюдошы Ерғали Шәмей қола жүлдегер атанды

Турнирге елімізден барлығы 17 спортшы қатысты

 Дастан Жұмабекұлы 05.04.2024 | 18:35
Фото: Халықаралық дзюдо федерациясы

Түркияның Анталья қаласында пара дзюдодан дәстүрлі халықаралық «Grand Prix – 2024» додасында Ерғали Шәмей қола жүлдегер атанды.

Қазақстан пара дзюдо федерациясының хабарлауынша, Ерғали Шәмей 73 келіге дейінгі салмақта J1 санатында үздік үштікке ілікті.

Ол – ел намысын қорғаған, пара дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі.

Турнирге елімізден барлығы 17 спортшы қатысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама