Күдікті қамауға алынды
Жамбыл облысында 23 жастағы қыз танысына сеніп, жоқ пәтерге жарты млн теңге берген, деп хабарлады Polisia.kz.
Қордай ауданының полиция бөліміне 23 жастағы қыз арызданған. Жергілікті тұрғын бірнеше ай бұрын мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесуге уәде берген танысына жарты миллион теңге бергенін айтқан. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция 26 жастағы күдіктіні ұстады.
Тергеу іс-шараларын жүргізу барысында оның 2021 жылы тағы бір тұрғыннан 550 мың теңгесін алғаны белгілі болды. Мұнда да күдікті тұрғын үй сатып алуға көмектесуге уәде берген.
Бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.