Тәрбиеші «Сәби бала» атты жекеменшік балабақшада екі жылдан бері жұмыс істеп келген
Жақында Алматы қаласындағы балабақшалардың бірінде тәрбиешінің бүлдіршіндердің шашынан тартып, құлағын бұрап, таяқшамен ұрғаны түсіп қалған видео тарады.
Бүгін балаларға жәбір көрсеткен балабақша тәрбиешісінің өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болғаны хабарланды. Бұл ақпаратты Алматы қаласының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіндегілер растады.
Оқиға Жетісу ауданындағы «Сәби бала» атты жекеменшік балабақшада болған. Тәрбиешінің партада отырған бүлдіршіндерді шетінен ұрып, қыздардың шашынан сүйреп жүрген сәттері кадрға ілінген. Балаларының қорлық көргенін білген ата-аналар полицияға арызданған.
Алматы қалалық Полиция департаментіндегілер бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелгенін хабарлады.
Тәрбиеші «Сәби бала» атты жекеменшік балабақшада екі жылдан бері жұмыс істеп келген.