Өрттің себебі анықталып жатыр
Кеше түнде Кербұлақ ауданында «Алтын-Емел» МҰТП аумағындағы Іле өзенінің бойында құрғақ қамыс пен бұталар өртенді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы ауданы 2 гектар жердегі өрт жойылған. Оны сөндіруге 45 адам және 12 техника ТЖД, ЖАО, «Алтын-Емел» МҰТП күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.