Сеулде тараптардың кездесуі өтті
Кореядан транзиттік тасымалдарды іске асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Сеулде (Корея) жұмыс кездесуі өтіп, теміржол көлігімен тасымалдау процесін оңтайландыру мәселелері талқыланып, сондай-ақ Қытайдан транзиттік тасымалдарды дамытудың негізгі бағыты айқындалды
Іс-шараны Қытайдың China Railway Container Transport Co. Ltd (CRCT) және Lianyungang Port Group (LPG) ірі компаниялары ұйымдастырды.
KTZ Express АҚ тарапынан іс-шараға бас директордың логистика жөніндегі орынбасары Айбек Қапар қатысты. Ол қатысушыларды ТХКБ бойынша тасымалдау жағдайларына ерекше назар аудара отырып, Қазақстан аумағы арқылы жүк транзитінің ағымдағы мүмкіндіктерімен таныстырды.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан тарапы үшін Кореядан Орталық Азия елдеріне автокөліктің қосалқы бөлшектерін транзиттік тасымалдауды іске асыру туралы маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді.
KTZ Express АҚ CRCT және Hyundai және General Motors автомобиль концерндерімен бірлесіп, жақын арада жеткізуді бастауды жоспарлап отыр.