Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр
Теміртау тұрғынын жарақаттаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 4 сәуірге қараған түні Теміртау қаласының ауруханасына оқ жарақатымен 27 жастағы жергілікті тұрғын жүгінген. Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қару қолдану арқылы бұзақылық жасаған 27-31 жас аралығындағы 3 адам ұсталды.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.
Тергеу құпиялылығына сәйкес, басқа ақпарат жариялауға жатпайды.