Halyq Uni логотип
×

Астананың маңындағы ауылды су басты

Елді мекен маңындағы каналды су шайып кетті

 Халық үні 05.04.2024 | 08:33
Астананың маңындағы ауылды су басты
Фото: ҚР ТЖМ

Елорда іргесіндегі Талапкер ауылын су басты, деп хабарлады ТЖМ.

Целиноград және Шортанды аудандарының егістіктерінен еріген судың үлкен көлемінің келуі салдарынан Талапкер ауылындағы су бұру каналының учаскесін су шайып кетті.

Қазір ТЖМ қызметкерлері каналдың бұзылған тұсын құм салынған қаптармен нығайтып жатыр. Ауыл тұрғындарынан сабыр сақтауды және құтқарушылардың нұсқауын орындайды сұраймыз, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама