Halyq Uni логотип
×

«Қазпошта» Маңғыстау облысына сәлемдемелерді жеткізу мерзімін қысқартты

Пошта вагондары 10 тоннаға жуық жөнелтілімдерді жеткізеді

 Динара Амантай 04.04.2024 | 17:16
«Қазпошта» Маңғыстау облысына сәлемдемелерді жеткізу мерзімін қысқартты
Фото: «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметі

«Қазпошта» АҚ Маңғыстау облысына теміржол арқылы жеткізудің жаңа бағытының іске қосылғаны туралы хабарлайды. Бұл өңір тұрғындарына пошта жөнелтілімдерін әлдеқайда жедел алу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Алматы-Маңғыстау-Алматы бағытындағы №77/78 жолаушылар пойыздарының құрамындағы пошта вагонының алғашқы жөнелтілімі 2 сәуірде Алматы-2 станциясынан жолға шықты. №77 жолаушылар пойызына біріктірілген пошталық вагон Шу, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Шалқар, Бейнеу елді мекендері арқылы өтіп 10 тоннаға жуық пошта жөнелтілімдерін жеткізеді.

Пойыз Маңғыстауға үшінші күні жетіп, пошта вагонындағы сәлемдемел түсірілді. Вагон келесі күні Маңғыстау-Алматы бағытындағы №78 жолаушылар пойызының құрамында Алматыға қайтады.

Бұған дейін жүктер Ақтөбе облысына келіп, сұрыптағаннан кейін Маңғыстау облысына жөнелтіліп, 7-10 күннің ішінде жететін. Жаңа бағыттың арқасында сәлемдемелерді жеткізудің жалпы уақыты 3-4 күнге дейін қысқарады.

«Қазпошта» АҚ мен «Қазақстан темір жолы» АҚ бірлескен жұмысының нәтижесінде Маңғыстау бағытында пошталық вагонды іске қостық. Компаниялар ресурстарды тиімді пайдалануға мүдделі. Пошта көлігі хат-хабарларды, сәлемдемелер мен жөнелтілімдерді «Алматы-Маңғыстау-Алматы» негізгі бағытымен кесте бойынша жеткізеді. 17 жыл бойы Маңғыстау облысына жүретін сәлемдемелер 7-10 күнде жеткізілетін. Жаңа бағыттың арқасында жеткізу мерзімі 3-4 күнге қысқаратын болды, – деді «Қазпошта» АҚ басқарма төрайымы Әсел Жанасова.

«Қазпошта» еліміздің қалалары мен аудандары арасындағы коммуникация мен байланыстың дамуына ықпал ете отырып, пошта жөнелтілімдерін сенімді және уақытылы жеткізуді қамтамасыз ету миссиясын жалғастыруда.

Анықтама үшін, пошталық вагон – пошта жөнелтілімдерін тасымалдау үшін арнайы жасалған және жабдықталған вагон. Қауіпті қосымшалар (заттар) болмауы үшін тексеруден өткен пошта жөнелтілімдері ғана тасымалдауға рұқсат етіледі.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама