×

Маңғыстау облысында 5 елдің қатысуымен ауқымды әскери жаттығу өтеді

Ол үшін «Оймаш» полигоны мен Каспий теңізінің акваториясындағы Тоқмақ мүйісі таңдалып отыр

 Дәурен Ерболат 04.04.2024 | 17:22
Фото: Н.Шалабаев

Биыл шілдеде Маңғыстау облысында 5 елдің қатысуымен ауқымды әскери жаттығу өтеді, деп хабарлады Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі.

Биыл 4 сәуірде Ақтауда «Бірлік-2024» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын ұйымдастыру және өткізу бойынша конференция өтті. Ауқымды әскери жаттығуға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан қатысады.

Әзербайжан делегациясы қатысқан конференцияда алдағы міндеттерге қатысты бірқатар мәселе талқыланды. Әскери оқу-жаттығу биыл шілдеде Қазақстандағы «Оймаш» полигонында, Каспий теңізінің акваториясындағы Тоқмақ мүйісінде өтеді. Онда «Қарулы қақтығыс аймағын айқындау үшін оқу-жауынгерлік міндетті орындау» іс-қимылдары іске асырылады, – деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама