×

«Бипэк Авто Қазақстан» АҚ жалға алған орман алқаптары мемлекетке қайтарылды

Жалға беру шарттарын бұзу туралы талап қанағаттандырылды

 Динара Амантай 04.04.2024 | 16:49
Фото: Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Өскемен орман шаруашылығының «Бипэк Авто Қазақстан» АҚ-на орманды ұзақ мерзімді пайдалануға жалға беру шарттарын бұзу туралы талап қоюын қанағаттандырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

2015 және 2017 жылдары мемлекет «Бипэк Авто Қазақстан» АҚ-на мемлекеттік қордан ұзақ мерзімді орман пайдалануға (49 жылға) орман ресурстарын берген. Орман кодексіне және шарттардың талаптарына сәйкес, пайдаланушы жыл сайын орман алқабын пайдалану құқығына орман билетін алуға, өрттің алдын алудың жедел жоспарын әзірлеуге және орман шаруашылығымен келісу үшін ұсынуға, сондай-ақ өз қаражаты есебінен уақытында оны іске асыруға міндетті болған.

Акционерлік қоғам орманды пайдалану бойынша жоғарыда аталған шарттарды сақтамаған. Сонымен қатар, «Бипэк Авто Қазақстан» АҚ алаңында құрылыстар заңсыз тұрғызылған. Бұл ретте 2023 жылы компанияның орман қорының жер учаскесіне қызметі рұқсат құжаттарынсыз жүргізілген.

Сот шешімімен мемлекеттік мекеменің ұзақ мерзімді орман пайдалану шарттарын бұзу туралы талап қоюлары толық көлемде қанағаттандырылды.

Сот талап қоюды қанағаттандыра отырып, жауапкер тарапынан орманды пайдалану ережелері мен шарттарында белгіленген ережені жүйелі түрде бұзуға жол берілгенін негізге алған. Бұл Орман кодексінің 40-бабы талаптарына сәйкес шартты бұзуға негіз болады.

Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың қорытындыларымен және сот актісімен келісті. 169,7 гектар жер мемлекеттік орман қорына қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама