×

Қазақстандық полицейлер қытайлық әріптестерімен тәжірибе алмаспақ

Қос ел трансұлттық қылмысқа қарсы бірігіп күреседі

 Дәурен Ерболат 04.04.2024 | 16:20
Фото: polisia.kz

Астанада Ішкі істер министрі Ержан Сәденов пен Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохунның кездесті, деп хабарлады Polisia.kz.

Іс-шараға ҚХР-дың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо, қос елдің құқық қорғау мекемелерінің басшылары қатысты. Қатысушылар қызметтің көптеген бағыты бойынша екіжақты ынтымақтастықтың оң нәтижесін атап өтіп, трансұлттық қылмысқа қарсы күрес саласындағы өзара іс-қимылдың басым мәселелерін талқылады.

Кездесуде Ержан Сәденов мен Ван Сяохун морандумға қол қойды. Қос тарап серіктестікті нығайтуға және екі ел полициясының оң тәжірибесін алмасуға дайын екенін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама