×

ШҚО-да білім басқармасының 7 қызметкері жауапқа тартылды

Прокуратура 9,5 мың баланың құқығын қорғады

 Динара Амантай 04.04.2024 | 15:15
фото: smi24.kz

Облыс прокуратурасы аз қамтылған отбасылардан шыққан 9 мың 501 баланың, сондай-ақ 11 кәсіпкердің құқығын қорғады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Талдау барысында мектеп асханаларында халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын (әлеуметтік көмек алатын, жетім, толық емес отбасылардан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және т.б.) және мемлекет есебінен тамақтанатын оқушылардың тамақтану нормаларының (11-18 жас аралығындағы оқушылар 7-10 жастағы балалардың нормаларымен тамақтандырылған) заңсыз төмендетілгені анықталды.

Мысалы, 11-14 жас аралығындағы оқушыға арналған нанның нормасы күніне 35 грамм, ал 15-18 жас аралығындағыларға күніне 40 грамм болуға тиіс. Іс жүзінде балаларға нормадан 2 есе аз, яғни күніне 20 грамм (6-10 жас нормасымен) нан берілген.

Сонымен қатар, мектеп асханаларында тамақтандыру бойынша қызмет көрсететін 11 кәсіпкерден төлем кезінде қосылған құн салығын (620 теңгенің орнына 1 оқушы/күн, яғни ҚҚС есебімен 553 теңгеден төленген) заңсыз алып отырған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша ШҚО білім басқармасының 7 лауазымды тұлғасы, оның ішінде басшының орынбасары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Білім басқармасы өңірдің 9 мың 501 оқушысына тамақтану нормаларын ұлғайтып, 11 кәсіпкерге заңсыз ұсталған сомасын өтеу үшін қайта есептеу жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама