Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрған 2 қазақстандық Түркияда ұсталды
Ұсталған азаматтар тергеу изоляторына қамалды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі Түркияның құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесе отырып, Қазақстанның іздеуде жүрген 2 азаматын ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілер 3 сәуірде Ыстамбұл қаласынан Алматы қаласына этаппен жіберілген. Олар аса ірі мөлшерде алтынның контрабандасын ұйымдастырып, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрған.
Ұсталған азаматтар тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.