×

Алматыда шетелдік туристер саны пандемияға дейінгі деңгейден асып түсті

Бұл – Қазақстанның басқа қалалары арасында рекордтық өсім

 Динара Амантай 04.04.2024 | 11:47
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Алматыда шетелдік туристер саны пандемияға дейінгі деңгейден асып түсті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, былтыр Алматыға 2 млн 38 мың 417 адам келген. Бұл – 2022 жылмен салыстырғанда 12,6% және пандемияға дейінгі 2019 жылмен салыстырғанда 52,7% жоғары.

Шетелдік туристер саны 2022 жылмен салыстырғанда 29,5% өсіп, 540 мың 744 адамға жетті. Бұл – Қазақстанның басқа қалалары арасында рекордтық өсім. 2019 жылмен салыстырғанда шетелдік туристер саны 24,1% өсті.

Туристік индустрия айтарлықтай табыс әкелді. Мысалы, туризм саласына инвестиция 47,7% өсіп, салық түсімі 64% артты. Бұл Алматының туристік бағыт ретінде тартымдылығының артқанын көрсетеді.

Туризм басқармасы атап өткендей, туристік белсенділіктің өсуі инфрақұрылымды дамытуды, жаңа жұмыс орындарын құруды және қызмет көрсету сапасын арттыруды ынталандырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама