Halyq Uni логотип
×

Алимент төлеуден аналар да жалтарады – полиция

Талапты орындамағандар қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін

 Дәурен Ерболат 04.04.2024 | 11:11
Алимент төлеуден аналар да жалтарады – полиция
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында 3 баласына алимент төлемеген ана анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Облыстық полиция департаменті алимент төлемейтіндердің орналасқан жерін анықтау үшін тұрақты рейд жүргізеді.

Жыл басынан бері алимент төлеуден жалтарған 91 адам анықталды. Борышкерлердің 7 көлігі айыппұл тұрағына қойылды. Мысалы, ажырасқаннан кейін әке кәмелетке толмаған қызын тәрбиелеуге қатыспаған. 35 жастағы борышкердің қарызы 3,5 млн теңгеге жеткен. Оны полицейлер Қарағанды облысы ауылдарының бірінен тапты, – деді Павлодар облысы ПД көші-қон қызметінің басшысы Дәулет Ысқақов.

Полиция мәліметінше, алимент төлеуден тек әкелер емес, аналар да жалтарады. Мысалы, 42 жастағы әйел кәмелетке толмаған 3 балаға алимент төлемеген. Осылайша, қарыз 7 млн теңгеден асқан. Қазір әйел анықталды, полиция онымен жұмыс жүргізіп жатыр.

Полиция алиментті уақытында төлемегендердің Қылмыстық кодекстің 139-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама