Елордада бірқатар автобустың бағыты өзгереді
Тұрғындар сапарын алдын ала жоспарлауға тиіс
Астанада Қонаев көшесіндегі көпірдің жабылуына байланысты бірқатар автобустың бағыты өзгереді, деп хабарлады City Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметі.
Қаладағы Дінмұхамед Қонаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелін жөндеуге байланысты 5 сәуірден бастап Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі аралығындағы қозғалыс тоқтатылады. Осыған байланысты № 10, 12, 29, 29А, 35 бағдарының сызбасы уақытша өзгереді.
Бағдарлардың өзгерген қозғалыс сызбасын суреттерден көре аласыз. Сапарыңызды алдын ала жоспарлаған дұрыс.
Бұған дейін биыл елордада 50-ден аса көшенің жөнделетіні хабарланған еді.