5 сәуірден бастап Қонаев көшесіндегі көпір жабылады
Биыл елордада жалпы ұзындығы 60 шақырым болатын 50-ден аса көше жөнделеді, деп хабарлады Астана қаласының әкімдігі.
Жөнделетін көшелердің тізімі төменде:
Сондай-ақ қаланың 200 көшесінде шұңқырларды жөндеу және жол белгілерін қою жұмыстарын бастау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар қаланың бірқатар көшесінде табылған ақауларға байланысты осы учаскелерге жауапты мердігер ұйымдар кепілдік міндеттемелеріне сәйкес, жол төсеміндегі кемшіліктерді жоятынын еске саламыз:
Мұндай тәжірибе мердігерлер сапасыз жұмысты қайта жасаған кезде белсенді қолданылады. Сондай-ақ 20-дан аса ірі нысанды іске асыру жоспарланып отыр. Олардың бір бөлігі биыл аяқталады.
Сонымен қатар биыл 5 сәуірден бастап Дінмұхамед Қонаев көшесі арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі жабылады.
Елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Қонаев көшесі арқылы «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театрының жанындағы жаяу жүргіншілерге арналған көпір толық жабылады.
Демонтаждау жұмысы кезеңінде Қонаев көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі жол бөлігі жабылатын болады.
Қала инфрақұрылымын жаңарту елорда тұрғындары мен қонақтары үшін жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - деп жазылған хабарламада.